Fake News

Қазақстандықтарға шетелдік сапарларға шығу үшін виза алудың қажеті жоқ

Қазнетте енді шетелге шығу үшін ел азаматтары виза алуы тиіс деген ақпарат тарады. Бұл жалған.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік органдардың ресми хабарламалары мен ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, елден кету визалары туралы жаңалықтың түпнұсқасы qaznews24 Instagram-парақшасында жарияланды. Бұл аккаунт шынайы емес, сатиралық хабарламалар жариялайды. Бұл туралы оның профилінде жазылған.

Сатиралық аккаунттағы фейк: «Қазақстандық студенттерге шетелде түсірілген фото мен видеоны желіге жүктеуге тыйым салынады»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button