Fake News

Фейк: «COVID-19 ПТР талдау нәтижелері туралы анықтамалардың жарамдылық мерзімі жоқ, өйткені адамдардың барлығы індет жұқтырған»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19 ПТР-талдауының теріс нәтижелері бар анықтаманың жарамдылық мерзімі белгіленбегендігі туралы теориямен бөлісуде. Кейбіреулерінің пікірінше, барлық адамдар коронавирустың әртүрлі түрлерін жұқтырған, ал ПТР тестілер COVID-19 тудыратын нақты түрін анықтай алмайды. Мұның бәрі өтірік.

Біріншіден, СOVID-19 тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманың жарамдылық мерзімі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысымен белгіленген. Онда Қазақстанға келген шетелдіктер үшін анықтамалар ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 72 сағаттан аспайтын мерзімде жарамды болып саналатыны айтылған.
Екіншіден, әлемдегі барлық адамдардың коронавирустарды жұқтыруы мүмкін емес, өйткені адамға берілуі мүмкін жеті штаммның барлығы өте ауыр ауруларды тудырады, олардың белгілерін байқамауға, есесіне, бұл аурумен өмір сүру қиын.
Үшіншіден, COVID-19 ПТР талдауы ауру қоздырғышын, SARS-CoV-2 коронавирусын анықтау үшін арнайы жасалған. Ол вирустардың, саңырауқұлақтардың немесе бактериялардың басқа түрлерін анықтамайды және талдау үшін биоматериал алу кезінде адамға суық тисе немесе ол тұмаумен ауырса да оң нәтиже көрсетпейді. ПТР тестілер нақты коронавирусты анықтай алмайды деген мифті бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

«COVID-19 тесті бұрынғы вирустық аурулардың «іздерін» анықтайды», – фейк

Төртіншіден, статистиканы көбейту үшін алдын ала індет жұқтырылған сынақтар партиясы туралы хабарламаның да шындыққа жанаспайтынын айтқанбыз.

ПТР-тест тапсырып, коронавирус жұқтыруға болады – фейк

Бұл фейк 2020 жылы наурыз айында АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығында болған қателікке негізделген. Ол кезде ПТР сынақ жиынтықтары ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан стерильділігін жоғалтып, олардан SARS-CoV-2 вирусының РНҚ-ның үш түрлі сегменті анықталған. Яғни, оларды әдейі бүлдірген. Бірақ қателік анықталғаннан кейін тест партиясы түгелдей қолданыстан шығарылды.
Демек, хабарламада айтылған барлық мәлімдемелер жалған және фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button