ПТР-тест тапсырып, коронавирус жұқтыруға болады – фейк
Интернеттің орыс тілді сегментінде ПТР-тест тапсыру арқылы COVID-19 жұқтыруға болатыны туралы миф кеңінен тарауда. Бұл теорияны жақтаушылардың айтуынша, тестте өлімге әкелетін вирус бар. Бұл шындыққа жанаспайды.
Адамдарға ПТР тест арқылы коронавирус жұғатыны туралы алғашқы орыс тіліндегі видеоның авторы – молдовалық «КСРО үшін» қозғалысының мүшесі Руслан Попа. Қазір видеоролик өшірілген, оның авторы жалған ақпарат таратқаны үшін «жауап алуға шақырылғанын» айтты.
Індетті тест арқылы жұқтыру туралы миф үстіміздегі жылдың наурыз айында АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығында болған қателікке негізделген. Онда ұқыпсыз пайдалану салдарынан ПТР-талдау алуға арналған жиынтықтар өзінің стерильділігін жоғалтқан, және олардан Sars-coV-2 вирусы РНҚ-ның үш түрлі сегменті табылған.
Бұл туралы партия стационарлардың зертханаларына түскеннен кейін бірден хабарланды, осыдан кейін ол толық көлемде тәркіленді.
АҚШ Бас заң кеңесшісінің кеңсесі Ауруларды бақылау және алдын алу орталығына қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Оған Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің екі заңгері тартылды, ал қорытынды есепке орталық қызметкерлері мен зертханашыларынан алынған жауаптар енгізілді.
Тест жиынтықтарын дұрыс пайдаланбау жалған-оң нәтижелердің шығуына әкелді, бірақ талдаудан кейін пациент инфекция жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
Бұдан COVID-19-ды тест тапсыру арқылы жұқтыруға болады деген тұжырымға негіз жоқ және бұл желі қолданушыларының жорамалы деген қорытынды жасауға болады.