Фейк: «Иммунитет» сөзі Ежелгі Римде мәйіттерді жинаған құлдардың атауынан шыққан»
Қазақстандықтар «иммунитет» сөзінің шығуының балама теориясын талқылауда. Пайдаланушылардың айтуынша, Ежелгі Римде мәйіттерді жинаумен айналысқан індеттен аман қалған құлдарды «иммундар» деп атаған. Бұл теория дұрыс емес.
Шын мәнінде, «иммунитет» сөзінің шығуының бірнеше нұсқасы бар, бірақ олардың ешқайсысы Ежелгі Риммен байланысты емес.
Immunité сөзі француз тілінде болған және «дербес құқықтылық» дегенді білдіреді. Латын тілінде immunitas – «міндеттерден босату, жеңілдік» және immunis – «міндеттерден босату» деген сөздер болған. Екеуі де теріс im сөз алды қосымшасынан және «міндеттер, өкілеттіктер, қызмет істері, кәсіптер» деген мағынаны беретін munia түбірінен тұрады. Орыс тілінде «иммунитет» сөзі неміс тілінен алынған – Immunität.
Ежелгі Римде «иммун» термині де болған, бірақ оның денсаулыққа, ауруға немесе індетке ешқандай қатысы жоқ. Патрульдеу немесе шұңқыр қазу сияқты басқа легионерлерден талап етілген кейбір ауыр немесе қауіпті жұмыстардан босатылған сарбаздарды иммундар деп атаған. Олардың арасында инженерлер, музыканттар, жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушылар және т.б. болған.
«Ағзаны инфекциялардан қорғайтын қорғаныс функциясы» мағынасындағы «иммунитет» сөзі әлемде XIX ғасырдың үшінші ширегінде Рим империясы болмаған кезде кеңінен тараған.
Ежелгі Римде індеттен аман қалған құлдарға жеке атаудың берілуі екіталай. Өйткені Рим империясының тарихында ресми түрде, патшалық Рим дәуірінен бастап (б.з. д. 754/753-510/509 жж.) және Кейінгі Рим империясына, Доминатқа дейін (284-476 жж.) бір ғана індет тіркелген.
Ауру Антонинов обасы немесе Гален обасы деп аталды. Қазіргі ғалымдар бұл шешек немесе қызылша болуы мүмкін деп санайды. Індет б.з д. 165-180 жылдары өршіді. Сол кездегі жазбаларға сәйкес, ауру салдарынан боғлан өлім-жітім деңгейі ауруды жұқтырғандардың жалпы санының 25% құрады, жалпы, бес миллионға жуық адам індеттен көз жұмды.
Осылайша, «иммунитет» сөзінің індеттен аман қалған құлдар атауынан шыққаны туралы теория шындыққа жанаспайды және белгілі фактілерге қайшы келеді.
Қастандық теорияларын жақтаушылар ежелгі әлемдегі құлдық пен азаптауды COVID-19 пандемиясымен байланыстырып отырған жоқ. Бұған дейін StopFake.kz ПТР талдауы үшін биоматериалды алу механизмі Ежелгі Мысырда айыпты құлдарды азаптауға ұқсайды деген мифті теріске шығарған болатын.
Фейк:«ПТР тестілеу әдісі ежелгі мысырлық азаптауға негізделген»