Fake News

Фейк: «Раввиндік сот балалар мен жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға тыйым салды»

Қазнетте Нью-Йоркте раввиндік сот балалар мен жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға қатаң тыйым салғаны туралы ақпарат таратылуда. Сондай-ақ, хабарламада еврейлер арасында вакцинация науқанын насихаттауға тыйым салынғаны айтылған. Бұл жалған.


Раввиндік соттың кәмелетке толмағандарды вакцинациялауға тыйым салуы туралы ақпарат Желіде биыл 6 қарашада шыққан. Сонымен қатар, Желіде мұндай шешім қабылдаған раввиндердің сөйлеген сөздерінің толық транскрипциясын көруге болады. Оларға қарағанда, үш спикердің ешқайсысы раввиндік соттың мүшесі емес.
Төртінші спикер, доктор Роберт Мэлоун вакцинацияға қарсы тұлға ретінде белгілі, ол бұған дейін өзін мРНҚ вакциналарын әзірлеушімін деп негізсіз атаған.

Демек, вакцинацияға тыйым салу туралы мәлімдеме Израиль сот жүйесінің құрамына кіретін нағыз раввиндік сотқа ешқандай қатысы жоқ.
Сонымен қатар, биыл наурыз айында Израильдің Бас раввині еврейлер COVID-19 таралуын болдырмау үшін мемлекеттік денсаулық сақтау қызметкерлерінің ұсыныстарына құлақ асуы тиіс деп мәлімдеді.
Биыл Вестпорттағы Израиль ғибадатханасының аға раввині Майкл С.Фридман иудаизмде вакцинациядан бас тартуға жеткілікті діни негіз жоқ деген ашық хат жариялады. Сондай-ақ, ол ортодоксалды иудаизмде вакцинацияға тыйым салынбаған деп жазды.
AFP басылымы да раввиндік соттың балаларды вакцинациялауға тыйым салғаны туралы хабарды жоққа шығарды. Фактчекерлер АҚШ-та раввиндік соттарды шақыратын Beth Din of America ұйымының директоры Шломо Вайсманнан түсініктеме алды. Вайсманның айтуынша, вакцинацияға «тыйым салу» туралы құжатқа қол қойған адамдар оның ұйымы шақырған раввиндік соттардың мүшелері емес.
Демек, раввиндік сот балалар мен жасөспірімдерді COVID-19 қарсы вакцинациялауға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл шешімді үш белгісіз адам қабылдаған және олардың пікіріне бұған дейін жалған ақпарат таратқан вакцинацияға қарсы тұлға Роберт Мэлоун әсер еткен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button