Медициналық фейктер

Дәлелсіз: «Бақбақ қайнатпасы көптеген дәрі-дәрмекті алмастыра алады»

Желі қолданушылары керемет дәрі-дәрмек рецептісімен бөлісуде. Бақбақ қайнатпасымен және тосаппен буын ауруларын, жараларды емдеуді, жүйке және ас қорыту жүйелерінің жұмысындағы бұзылуларды жою, сондай-ақ өсімдіктің тұнбасын өт айдатқы ретінде қолдану ұсынылады. Алайда, мұндай әдістің дәлелденген тиімділігі жоқ.

Бақбақ немесе Taráxacum – көпжылдық шөпті өсімдік. Оның кейбір түрлері – Radix Taraxaci, шын мәнінде дәрілік қасиеттерге ие.

Қайнатпа мен тұнбаларды дайындау үшін өсімдіктің тамыры ғана қолданылады, өйткені онда пребиотик ретінде қолданылатын инулин – D-фруктоза полимері жиналады. Сондай-ақ, инулин нарғызгүл, жералмұрт, нәркес, сүмбіл, шашыратқы және дәрілік болып саналмайтын басқа да өсімдіктердің құрамында бар.

Ауруларды емдеу үшін бақбақты қолдану толық зерттелген және дәлелденбеген. Бадамша бездерді сылып атстағаннан кейін оңалту кезінде осы шөп қайнатпасын қолданудың кейбір тиімділігін дәлелдейтін алғашқы тәжірибелер ғана бар.
Дегенмен, мұндай халықтық дәрі-дәрмекті бақылаусыз қолдану аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін, әсіресе экземасы бар адамдарда. Бақбақ тұнбасы мен қайнатпасы қанның ұюына кедергі келтіріп, бұрын осындай аурулары болған адамдарда бүйрек проблемаларын асқындыруы ықтимал.
Қорыта айтқанда, бақбақты пайдалану аурудан арылуға кепіл болмайды, бірақ оны бақылаусыз қолдану бар ауруларды асқындыруы мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button