Фейк: «Дональд Трамп тұмауға қарсы вакцинацияны алаяқтық деп атады»
Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті тұмауға қарсы вакцинацияны «Үлкен Формацевтика ойлап тапқан алаяқтық» деп атады деген ақпарат тарады. Шын мәнінде, Трамп бұлай айтпаған.
АҚШ-тың экс-президентінің фармацевтикалық компанияларға қатысты «айыптаулары» туралы жарияланымда Opie Radio-ға берген сұхбат жайлы айтылған. Онда Трамптан тұмауға қарсы вакцинация туралы сұрайды, ал ол тұмауға қарсы ешқашан екпе жасатпағанмын деп деп жауап береді, бұдан басқа ештеңе жоқ, содан кейін ол 2014-2015 тұмауға қарсы вакцинация науқанын «мүлдем тиімсіз» деп атайды. Бірақ дәрі-дәрмек өндірушілеріннің алаяқтық іс-әрекеттері жайлы сөз қозғамайды.
Бұл сұхбат 2015 жылы жазылған, ал 2020 жылға қарай ол өз пікірін өзгертті. Washington Examiner тілшісіне берген сұхбатында Трамп тұмауға қарсы вакцинаның үш дозасын алғанын растады.
Вакциналардың тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген және расталған. ДДСҰ мәліметтері бойынша, тұмауға қарсы вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде шамамен 60% жағдайда ауруды жұқтыруға жол бермейді.