Fake News

Манипуляция: «ДДСҰ COVID -19 қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы мәліметтерді жариялады»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз сайтында COVID-19 қарсы вакциналардың тіркелген жанама әсерлерінің толық тізімін жариялағаны туралы ақпарат тарады. Оның ішінде, тірек-қимыл аппараты аурулары мен психикалық бұзылыстар аталған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және манипуляция белгілеріне ие.

8 минуттық видеода Италия тұрғыны пайдаланушыларға VigiAccess дерекқорын көрсетеді. Ол іздеу жолына COVID -19 қарсы вакцинаның атауын жазып, тіркелген деген жанама әсерлердің тізімін ашады.
VigiAccess дерекқорын ДДСҰ 2015 жылы іске қосты. Қазіргі кезде онда әлемнің 110-нан астам елінде қолданылатын 100 000-нан артық түрлі препарат тіркелген. Сондай-ақ, әлем бойынша пайдаланушылардан келіп түскен және сұрыпталған жанама әсерлер туралы хабарламалар жиналған. Яғни, бұл өздігінен есеп беру жүйесі.
VigiAccess деректері жанама әсер мен белгілі бір дәрі-дәрмек арасында ешқандай расталған байланыс орнатпайды. Бұл туралы әрбір пайдаланушыға сайттың іздеу жолағына кірмес бұрын ескертіледі.
«Vigiaccess-тегі ықтимал жанама әсерлер туралы ақпаратты дәрілік препарат немесе оның әсер етуші заты бақыланатын әсер туғызды немесе пайдалану үшін қауіпсіз екендігінің белгісі деп қабылдамауларыңыз керек. Себеп-салдар байланысын растау – бұл барлық қол жетімді деректерді мұқият ғылыми және егжей-тегжейлі бағалауды қажет ететін күрделі процесс. Яғни, осы сайттағы ақпарат дәрілік зат пен жанама әсердің арасындағы қандай да бір расталған байланысты көрсетпейді».
Демек, VigiAccess дерекқорының мәліметтерін осы контексте қолдану вакцинацияға қарсы адамдардың манипуляциясы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button