Қазақстанда 5G желісі іске қосылмаған
Қазнет пайдаланушылары еліміздің қалаларында 5G стандартты ұялы байланыс бағаналары орнатылғандығы туралы хабарламалармен бөліседі. Кейбір адамдардың пайымдауынша, олар арқылы адамдарды бақылап, телефондарды тыңдайды. Мұның бәрі – жалған.
Қазақстанда жаңа технологияны іс қосу әлі басталған жоқ.
– Бұл желілерді іске қосу үшін байланыс операторлары лицензия мен жиіліктер алуы қажет, ал Қазақстандағы жиілік спектріне түсетін жүктеме жеткілікті. Оның үстіне жиіліктерді бөлу форматы және т.б. бойынша келіссөздер көп болады. Желілерді коммерциялық пайдалануға беру туралы айтуға әлі ерте. 5G көшу к 4G-ді іске қосқан кездегідей езең-кезеңмен жүргізіледі – деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, 5G – бұл байланыс сервисінің жаңа деңгейін ұсыну технологиясы. 5G енгізуге арналған базалық станциялар мен жабдықтар телефондарды тыңдауға немесе басқа сол сияқты шараларға арналмаған.
– Мұндай хабарламалар тек біздің елде ғана тарамайды, радиофобияға және басқа да алаңдаушылықтарға қатысты мәселелер ұдайы көтеріледі және бұл сұрақтарға жауап беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. 4G іске қосылған кезде 4G – бұл қастық, 4G ауруларға себеп болады және т.б. деген ұқсас даулы мәлімдемелер жасалды, бірақ қазір бұл технология әрбір қазақстандыққа қолжетімді және 4G арқасында анағұрлым сапалы интернет пен байланыс орнатылды, – деп атап өтті министрліктегілер.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5G мобильді желілері COVID-19 таралуына ықпал етеді деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін біз 5G технологиясы әлемдік үкіметке бүкіл адамзаттың санасын басқаруға көмектеседі және дәрігерлер ПТР-тест үшін биоматериал алу кезінде пациенттерге 5G таратқыштарын енгізеді деген мифтерді теріске шығарған болатынбыз. Кейбір іскер азаматтар тіпті осындай фейктердің арқасында ақша таппақ болып, «5G-ден қорғайтын» крем сата бастаған.