Telegram-пирамидаларды жасаушылар жауапқа тартылады
Полицейлер қаржы пирамидаларын құрған Telegram каналдардың авторларының жеке тұлғасын анықтауда. Іс материалдары ҚР ІІМ жолданды.
Қазақстанда қарапайым адамдардың ақшасына қызыққан интернет-алаяқтар көбейіп келеді. Соңғы кездері қаскүнемдер Telegram-ды пайдаланып жүр. Олар аз ғана ақша жұмсап, тез пайда табуды ұсынады. Бұл ретте төлемдер, қатысушылар жаңа клиенттерді тартқан жағдайда ғана жасалады.
«Егер сіз бірнеше ай бұрын 300$ салсаңыз, қазір 3000 $ алатын едіңіз».
«Бұл миллион теңге ұтып алған біздің клиентіміз».
Мұндай хабарламалар «табысты инвесторлардың» суреттерімен жарияланады. Алайда, тексерген кезде олардың алаяқ екендері анықталады. Олар біраз уақыттан кейін аккаунтты жойып, ақшаны алып, іздерін суытады.
ҚР ІІМ хабарлауынша: «Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Жеке тұлғалар анықталғаннан кейін желілік пирамидалардың авторлары жауапқа тартылады».
StopFake редакциясы әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды сақ болуға үндейді. Алдауға көніп қалмай, тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.