Аргентинада жаппай наразылық нәтижесінде карантин тоқтатылды – фейк
Желіде Аргентинада жаппай наразылық салдарынан карантиндік шаралар тоқтатылды деген хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат – жалған.
Аргентинада биыл көктемде COVID-19 пандемиясы басталғанда жарияланған локдаун әлі де жалғасуда. Ел сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте жетінші орында болғандықтан, карантин шаралары қараша айына дейін ұзартылды.
– Ең көп зардап шеккен провинциялардың әкімдерімен келіссөздер жүргізгеннен кейін санитарлық оқшаулауды тағы 14 күнге ұзарту туралы шешім қабылданды. Қазір босаңсуға болмайды. Ақылға жол беріп, қосымша сақтық шараларын қолдануымыз керек, – деп жазды Аргентина президенті Альберто Фернандес 24 қазанда өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Сол күні кешке ол елде шектеулердің сақталатынын жазған. «Еуропада болып жатқан індет вирустың ешқайда кетпегенінің дәлелі», – деп қосты ол.
Өлім-жітімнің көрсеткіштерінің жоғары болғанына қарамастан (Аргентинада COVID-19 жұқтырған 1 217 028 адамның 32 766 қайтыс болды), елде жаппай наразылқ шаралары өтуде. Олардың бірі 12 қазанда Буэнос-Айресте болды. Бірақ оған қатысушылардың бәрі бірдей карантиндік шараларға қарсы емес. Кейбіреулер жақында қабылданған сот жүйесі реформасымен келіспесе, басқалары сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеуді талап етті.