Қаржы министрлігі фейк салық хабарламалары туралы ескертті

Қазақстандықтардың электрондық поштасына және WhatsApp-қа тез арада салықты төлеу қажеттілігі туралы жалған хабарламалар келіп түсуде. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл алаяқтарды ісі.
«МКК ескертеді, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.
МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және «e-Salyq» мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады», – делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Осыған байланысты, ведомство абай болуға шақырады:
– жалған хабарламаларға сенбеуге;
– ақша қаражаттарын аудармауға;
– күмәнді сілтемелерге өтпеуге;
– сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға;
– сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
«МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды», – деп ескертті Комитет өкілдері.