Fake News

Манипуляция: «Гендік модификацияланған өнімдерде вакциналар бар»

Telegram қолданушылары интернетте ашқан жаңалықтарымен бөлісуде. Қастандық теориясын жақтаушылардың айтуынша, процедураға келіспегендерді егу үшін жеміс пен көкөніске жасырын түрде вакциналар қосылады. Бұған дәлел ретінде The Guardian басылымында жарық көрген ғалымдардың жеуге болатын вакциналар ойлап тапқаны туралы мақала келтіріледі.
StopFake.kz алма немесе қияр жеу арқылы егу мүмкін емес екенін түсіндіреді.


Айтылып отырған The Guardian-да шыққан мақала бар. Бірақ онда жеуге болатын вакциналарды пайдалана бастағаны туралы емес, оны енді ғана әзірлеп жатқандығы туралы жазылған.
Жеуге болатын вакциналар – бұл белгілі бір ауруға қарсы вакцина ретінде әрекет ететін дәрумендер, ақуыздар немесе басқа да қоректік заттар шығаратын өсімдіктер.
Бұл терминді алғаш рет 1990 жылы молекулалық биолог Чарльз Арнцен енгізген. Оның идеясы адамдар тұтынған кезде белгілі бір ауруларға қарсы иммунитет қалыптасатындай етіп өзгертілген өнімдерді жасау болды.
Ол бірінші болып осындай көкөніс пен жеміс өсіруге болатынын дәлелдейтін тәжірибелер жүргізді, бұл кедей елдер үшін арзан және қол жетімді вакциналар әзірлеуге мүмкіндік берді.
1990 жылдан бастап жеуге болатын вакциналарды жасау жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда дифтерия, құтыру, В гепатиті, тырысқақ және С вирустық гепатитіне қарсы иммунитет қалыптастыруға көмектесетін препараттар бар. Олар картоп, жүгері, шпинат, салат және күріш негізінде жасалған. Алайда, бұл вакциналардың ешқайсысы әлі қолданылмайды, өйткені олардың барлығы клиникалық және клиникаға дейінгі сынақ сатысында. Олар жануарларда сыналуда.
Жеуге болатын вакциналарды жасау мүлдем құпия болған емес. Оларды әзірлеу барысы туралы жүйелі түрде БАҚ-та абарланады, осы тақырып бойынша зерттеулер де баршаға қол жетімді.
COVID-19 қарсы жеуге болатын вакцина әлемнің бірде-бір елінде елінде жасалып жатқан жоқ. Мұндай препараттардың барлығы иненің көмегімен бұлшықетке егіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда пациенттіі немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз вакцинациялау және қандай да болмасын басқа да медициналық манипуляцияларды жүргізу заңсыз болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар хабардар етілген келісімге немесе профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан бас тартуға құқылы.

Демек, жеміс пен көкөністегі вакциналар туралы хабарламалар манипуляция болып табылады. Бұл технология даму сатысында және адамдардың келісімінсіз қолданылмайды. Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау процедураға жазбаша ақпараттандырылған келісім болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button