Fake News

Мемлекеттік кірістер комитеті жалған хабарламалар туралы ескертеді

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды берешектер туралы жалған хабарламалардың таралуы туралы ескертіп, Комитеттің ақпараттық жүйелері арқылы салық төлеушілердің электрондық пошталарына хабарламалар жіберілмейтінін еске салады

«Құрметті салық төлеушілер! Бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекен жайларына және әлеуметтік желілерге «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту» деген тақырыппен интернет-алаяқтарымен хабарламалар жіберу жағдайлары жалғасуда.

МКК қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін ескертеді. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.

МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және «E-salyq» мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады», – делінген ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button