Fake News

Фейк: «Англияның миллиондық қалада COVID-19-дан қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген»

Әлеуметтік желілерде қолданушылар Англияның Оңтүстік Йоркшир графтығында осы жылдың ақпан-қыркүйек аралығында COVID-19-дан қайтыс болу жағдайлары тіркелмегендігі туралы жарияланымды талқылауда. Бұл фейк.

 

Оңтүстік Йоркшир – Англиядағы графтық, әкімшілік орталығы Шеффилд қаласы, халқының саны 1,365 миллион адам. 
Оңтүстік-Батыс Йоркширдің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің серіктестік қоры «Ақпарат бостандығы» ұйымы жолдаған сауалға берген жауабына сәйкес, миллион тұрғыны бар қалада да, графтықтың басқа бөлігінде де COVID-19 салдарынан болған өлім тіркелмеген. Қастандық теориясының көптеген жақтаушылары бұл жайтты КВИ мүлдем өлімге әкелетін ауру емес, ал статистиканың жалған екендігінің дәлелі ретінде пайдалануда. Бірақ мұндай қорытынды асығыс жасалған.
Оңтүстік-Батыс Йоркширдің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің серіктестік қоры COVID-19 немесе басқа жұқпалы ауруларды емдеумен, тіркеумен немесе бақылаумен айналыспайды. Ұйым қоғамдық және психикалық денсаулық саласында жұмыс істейді және Йоркширдің бірнеше аймағында оқу проблемалары бар балаларға көмектеседі.
«Оңтүстік-Батыс Йоркширдің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің серіктестік қорында COVID-19 қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ», – делінген олардың жауабында.
Кейіннен Қор қызметкерлері тек оның мүшелері мен пациенттері арасында болған COVID-19 қатысты жағдайлар туралы есеп беруге құқылы екенін түсіндірді, сонымен қатар олардың жауабын КВИ салдарынан жалпы графтықта бірде-бір өлімнің тіркелмегенінің дәлелі ретінде пайдалануға болмайды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Йоркшир және Хамбер графтықтарында пандемия басталғалы COVID-19-дан 8082 адам көз жұмған. Сырқаттанушылық деңгейін 100 000 адамға шаққанда 146,9 құрайды.
Қорыта айтқанда, Ұлыбританияда тұтастай бір графтықта КВИ–ден ешкім қайтыс болмаған деген тұжырым жалған. Тиісінше, өлім статистикасы қолдан жасалған деп пайымдауға да негіз жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button