Фейк: «iPhone-ның түпнұсқа қаптарында тыңдау құрылғылары бар»
Конспирологтар смартфонға арналған қаптарға жетті. Қазнетте iPhone-ға арналған түпнұсқа қапты бөлшектеген адамның видеосы қызу талқылануда. Ол қапты ашқан кезде шыққан магниттер мен чиптерді тыңдау құрылғысы дейді. Бұл фейк.
Қаптың ішінде дөңгелек магнит бар. Видео авторының айтуынша, олар барлық ақпаратты жеткізеді, ал ортасындағы чип телефонға Bluetooth арқылы қосылады.
Шын мәнінде видеода Apple түпнұсқа қабы деп MagSafe көрсетілген. Ағылшын тілін білетіндер safe қауіпсіздік, ал mug саптыаяқ емес екенін бірден түсінеді. Бұл magnet – магнит сөзінің қысқартылған түрі. Бұл сымсыз зарядтауға және аксессуарларды бекітуге арналған жүйе. Технологияны Apple Inc. компаниясы iPhone және AirPods өнімдерінің желісі үшін жасаған.
Жаңа құрылғы 2020 жылдың қазан айында iPhone 12 және 12 Pro-мен бір уақытта таныстырылды.
Зарядтау құрылғысы смартфонның артына жабыстырылады. Ол үшін сирек жер магниті қолданылады. Ол зарядтау құралының шайбасын дәл туралайды. MagSafe 15 Ватт-қа дейін жылдам қуаттайды. Бүгінгі күні бұл жай ғана зарядтау құралы емес, телефонға сыртқы аккумулятор, карталар ұстағышын, фонарь және айнаны бекітуге болады.
Осындай қаптарды ашып тексерген блогерлер көп. Тіпті қаптың ішін қарағандар да бар.
Демек, видеода, Apple компаниясының түпнұсқа қабы деп тыңдау құрылғысы емес, смартфондарға арналған MagSafe жүйесі көрсетілген.