Fake News

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде ауыз судың ластануы туралы ақпаратты фейк деп атады

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқыны салдарынан су астында қалған мал қорымдары, зираттар мен қоқыс үйінділері туралы аудио хабарламалар таратылуда. Бұл жұқпалы аурулардың өршуіне әкелмек. Құбырдан аққан су қауіпті болуы ықтимал, сондықтан оны қайнатып ішу керек. Бұл фейк.

 

Таралған ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастады.

Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды.

Су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.

Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті.

Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуды сұраймыз», – делінген ведомствоның ресми порталындағы хабарламада.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button