Фейк: «Зауытта пісірілген өнімдерде кокаин және героин алмастырғыштар бар»
Желіде ақ нан мен зауытта дайындалған өнімдердің зияндылығы туралы бейнеролик тарады. Мұндай тағамның құрамында өте зиянды глютеннен басқа ештеңе жоқ, сондай-ақ адамдардың өмір сүру ұзақтығын қысқарту үшін оған жасырын түрде героин мен кокаин алмастырғыштарды қосады екен. Мұның бәрі өтірік.
Роликте айтылған бірқатар тезисті егжей-тегжейлі талдап шығайық.
- Зауытта дайындалған өнімдер адамдардың өмір сүру ұзақтығын қысқарту үшін жасалады.
Бұл мәлімдеме дәлелсіз. Бал, жаңғақ және жеміс қосылған бидайдан пісірілген бәліштерді ежелгі мысырлықтар дайындаған. Бірінші коммерциялық наубайханалар біздің дәуірімізге дейінгі 300 жылы Ежелгі Римде пайда болған. Содан бері адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқармаған. Керісінше, ғалымдардың мәліметінше, Ежелгі Римде орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 50 жылды құраған. Италияның Ұлттық статистика институтының мәліметтері бойынша, 2022 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 82,6 жасқа жеткен. Яғни, алғашқы наубайханалар ашылғаннан бері осы күнге дейін өмір сүру ұзақтығы төмендемей, бір жарым еседен артық өскен.
- Бәліштер мен кекстерге героин және кокаин алмастырғыштар қосады
Видео авторы мұны ойдан шығарған. Зауытта дайындалған өнімдерде есірткі бар деуге негіз жоқ. Ал егер бұл рас болса, онда дүкеннен нан сатып алып жегендердің барлығында есірткіге тәуелділік белгілері болар еді. Бұл ретте біріншіден, адамдар нанды көп жеп, тез салмақ түсіреді, дене салмағының төмендеуі – есірткіге тәуелділікке тән белгілердің бірі. Екіншіден, ұннан дайындалған өнімді ұнататындарда ЖРВИ, тәбеттің жоғалуы, ұйқысыздық, шатасу және басқа да белгілер байқалады. Пісірілген өнімді жақсы көретіндер арасында мұндай жағдайлар байқалмайдықтан, сатып алынған бәліштер мен кекстерде есірткі де, оларды алмастырғыштар да жоқ деп айта аламыз.
- Пісірілген өнімде пайдалы заттар мүлдем жоқ
Тәтті ұн өнімдері сіңімді ас деп айту қиын. Дегенмен, бірқатар пайдалы элементтер бар. Мысалы, тәтті қытырлақ нан сияқты, ұнға су қосып, дайындалған қуырылған нан өнімдерінде 5,1 г май, 2,2 г ақуыз және 17 г көмірсу, тағы 0,98 мг темір, 40,6 мг кальций және 34 мг калий бар. (.)
Жеміс қосып, көпшілік үшін әзірленген бәліште 28,35 граммға шаққанда 2,6 г май, 0,8 г ақуыз және 17 г көмірсу болады. Сондай-ақ оның құрамында 1,98 мкг А дәрумені, 0,59 мг темір, 9,36 мг кальций және 43 мг калий бар.
- Сатып алынған өнімдерде тамырларды жабыстыратын қауіпті глютен бар
Глютеннің барлық адамдар үшін зиянды екендігі миф. Глютен – бидай, қара бидай, арпа және т.б. көптеген дәндерде кездесетін ақуыз. Жер бетіндегі адамдардың басым бөлігіне глютен қауіпті емес және зиянсыз. Ол асқазанда ішінара қорытылады, ал қорытылмаған қалдықтар ағзадан шығарылады. Глютен тек цилиак ауруына шалдыққан адамдар үшін ғана қауіпті. Бұл асқазан-ішек жолдары ауруы, глютеннен аш ішек түктерінің атрофиясы орын алады. Бұл генетикалық ауру.
Демек, видеодағы негізгі тезистердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды және ғылыми негізделмеген. Барлық айтылған идеялар ойдан шығарылған немесе бұрмаланған ғылыми фактілерге негізделген.
Олай болса, таралған видео фейк және зауытта дайындалған өнімдерде есірткі де, олардың алмастырғыштары да жоқ.