Fake News

Дәлелсіз: «Уганда Президенті гейлер жұбын бірі жүкті болғанда ғана түрмеден босататынын айтты»

Желіде Угандада бір жынысты ерлі-зайыптылар бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат тарады. Ел президенті оларды түрмеден екеуінің бірі жүкті болса ғана босататынын айтқан. Бұл фейк.

Угандада бір жынысты жұптың қамауға алынғаны туралы хабарлама желіде кемінде 2020 жылдан бері таралып келеді. Бастапқы дереккөз – Somalispot Сомали сайты. Алдымен оны ағылшын тілді қолданушылар таратқан, кейіннен ақпарат басқа тілдерге аударылған.
FactCheckHub фактчекинг порталы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 
Угандада бір жынысты қатынастарға тыйым салатын заң 2013 жылы қабылданған, бірақ 2014 жылы Жоғарғы соттың шешімімен оның күші жойылды. Аталған заң қолданыста болған кезде сотталған бір ғана гейлер жұбы болған. Алайда, оларды түрмеге қамап, бала көтеруге мәжбүрлегеніне ешқандай дәлел жоқ. Сондай-ақ Уганда президентінің осындай мәлімдеме жасағаны белгісіз.
Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button