Жалған: «Төртінші өлшемнің дәлелі бар болғандықтан, блогердің аккаунты әдейі өшіріліп, оның өзі жоғалып кеткен»
Instagram-да төртінші өлшемнің бар екенін түсіндірмек болған жасөспірімнің видеосы жарияланды. Бірер уақыттан кейін оның аккаунты жұмысын тоқтатты. Пайдаланушылардың пікірінше, бұған оның өз теориясымен бөлісуі себеп болды. Бұл қарапайым жағдай.
Видеодағы адам – ютубер xkcdHatGuy. Оны HatGuy немесе thexkcdHatGuy деп те атайды. Ол төртінші өлшем туралы видеодан кейін танымал болды. Видео 2010 жылдың 5 қаңтарында жарияланды. Орта мектеп оқушысы бола тұра HatGuy өлшем үшеуден артық екенін екенін дәлелдеуге тырысқан. Видео адамдардың қызығушылығын оятты, ол 33 миллион рет қаралған.
2013 жылдың қазан айында ол қатерлі ісікке қарсы дәрі бұрын да болған деп мәлімдеген тағы бір ролигін жариялайды. Содан кейін HatGuy видео шығаруды тоқтатады. Оған жазылушылар оны теориялары үшін азап шегуде, тіпті қайтыс болуы да мүмкін деп ойлайды. Олардың бірі мектеп философы төртінші өлшемге жетудің жолын тауып, сол жерде демалуда деген пікірін білдірді.
2019 жылдың тамызында xkcdHatGuy YouTube-ке оралы, жоғалып кетуінің себебін айтты. Ол аккаунтқа кіретін құпия сөзді ұмытып қалған екен. Сондай-ақ, аутизммен және шизоаффективті бұзылыспен күресіп жатқанын хабарлады. Колледжді тастап, баламалы медицинаны оқи бастаған.
Бүгінде xkcdHatGuy-дің 230 мыңнан астам жазылушысы бар, 51 видео жарияланған. Демек, ол 10 жылдан астам уақыт бұрын айтылған теориясы үшін зардап шекті деуге негіз жоқ.
Ғалымдар төрт өлшемді кеңістіктің болуы мәселесін бұрыннан қарастыруда. Бұл туралы алғашқы жарияланымдар XVIII ғасырда шыққан. Алғашқы танымал зерттеуші Чарльз Ховард Хинтон. 1880 жылы ол «Төртінші өлшем дегеніміз не?» деген эссе жариялаған. Содан бері біраз уақыт өтті, бүгінде зерттеушілерде жанама дәлелдерден басқа ештеңе жоқ.
2018 жылы эксперименттер жүргізіп, төртінші өлшемнің барын анықтау үшін АҚШ пен Еуропада физиктердің екі тобы құрылды. Зерттеушілерден теориядан басқа ештеңе болмады. Теориялық ғалымдар бүгінгі таңда 11-ге жуық кеңістіктік өлшемдері болуы мүмкін деп пайымдап отыр.
Яғни, төртінші өлшемнің бар екендігіне нақты дәлелдер жоқ. Ғалымдар осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.