Фейк: «Қара шай бүйрек жеткіліксіздігін тудырып, көру қабілетін нашарлатады»
Instagram-да қазақстандықтар қара пакеттелген шайдың қауіпті екендігі туралы видеоны таратуда. Ол бүйрек жеткіліксіздігін тудырып, көз іші қысымын жоғарылатады және асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеп соғады екен. Көбіміз жақсы көретін сусын соншалықты қауіпті екенін түсінеміз.
Қара пакеттелген шай бүйрек жеткіліксіздігінің болу қаупін арттырады деген пікірден бастайық. Мұндай мәлімдемелерге ғылыми негіз жоқ. Бұған дейін ғалымдар қара шайды шамадан тыс тұтыну бүйрек тастарының пайда болуына әкеледі деп пайымдаған, бірақ кейін зерттеулер олардың арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Бүйрек жеткіліксіздігі мен қара шай ішудің арасындағы байланысты дәлелдейтін зерттеулер жоқ.
Қара шай көз іші қысымын жоғарылатып, көру қабілетіне теріс әсер етеді деген гипотеза да жалған. 2017 жылы жасы 40-тан асқан 1678 адамның шай мен кофеинмен және кофейінсіз кофе ішкендігі туралы мәліметтер бағаланған зерттеу шықты. Нәтижелер ыстық қара шайды көп ішетін адамдар тобында глаукоманың даму қаупі басқа сусындар немесе мұздатылған шай ішкендерге қарағанда төмен екенін көрсетті. Кейін ғылыми қауымдастық зерттеу сенімсіз, ал қара ыстық шайдың глаукоманың дамуына әсері туралы қорытындылар ерте жасалған деп тапты. Дегенмен, қара шайдың көру қабілетіне зиян келтіретініне нақты дәлелдер табылмады.
Пакеттелген болсын, басқа болсын, қара шайдың құрамында кофеин мен таниндер – илік заттектер болады. Олар ағзада шамадан тыс болса, іш өтіп, жүрек соғуы жиілейді, ұйқысыздық пайда болады, бірақ бұл үшін күніне кем дегенде 950 миллилитр шай ішу керек, яғни шамамен төрт саптыаяқ.
Демек, қара шайдың зияны туралы ақпарат негізсіз мәлімдемелер жиынтығы болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігінің дамуының немесе көру қабілетінің нашарлауы мен қара шай ішудің арасындағы байланысты дәлелдейтін ғылыми зерттеулер жоқ.
Кофеин мен таниндер пакеттелген болсын, жоғары сұрыпты жапырақты болсын, қара шайдың кез келген түрінде болады. Бұл заттарды шамадан тыс пайдаланудың жанама әсерлерді болуы мүмкін, бірақ оларды дамыту үшін күніне кемінде бір литр шай ішу керек.