Fake News

Stopfake жауабы: Жануарлар коронавируспен ауыруы мүмкін

Жобаның редакциясына Instagram-блогер Малика Ибрагимидің storis-ынан скриншоттар жіберілді, онда көршісімен әңгімелесу барысында «жануарлар коронавируспен ауырмайды» деп айтқанын мәлімдейді.

 

Шын мәнінде, 2020 жылдың 27 мамырында Ресей-24 телеарнасының эфирінде иесінен коронавирус жұқтырған және карантинге жатқызылған мысық туралы айтылған болатын.

Дүниежүзілік БАҚ та COVID-19 жұқтырған үй жануарлары туралы жазды. Мысалы, Бельгиядағы мысық туралы Deutsche Welle мақаласы, бұл жануар да індетті иесінен жұқтырған.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында «COVID-19 туралы сұрақтар мен жауаптар» айдарында жарияланған ақпаратқа сәйкес, коронавирустар адамдардан да, жануарлардан да анықталуы мүмкін. Ауру адамдармен байланыста болған иттер мен мысықтарда, сондай-ақ күзендер мен жолбарыстарда COVID-19 жұқтыру жағдайлары зертханалық түрде расталды.

«COVID-19 жұқтырған адамдарға немесе тәуекел топқа жататындарға үй жануарларымен және басқа да жануарлармен байланысты шектеу ұсынылады. Гигиенаның негізгі ережелерін қатаң сақтау керек. Жануарларға, жемге немесе шығын материалдарына қол тигізген соң қолыңызды мұқият жууңыз, сондай-ақ жануарларды сүймеңіз, жаламаңыз немесе олармен бірге тамақтанбаңыз», – деп үндейді ДДСҰ.

Сонымен қатар, ДДСҰ ақпаратына сәйкес, әлемде вирустың жануардан адамға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button