Тарих

Жалған: «Ағайынды Даллестер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын құрған»

Telegram арналарында тараған видеода ресейлік физик Михаил Ковальчук Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылу тарихымен бөліседі. Оның айтуынша, ДДҰ Аллен және Джон Фостердің бастамасымен құрылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Видеода ұйымдастырған дөңгелек үстелде РҒА корреспондент мүшесі Михаил Ковальчуктың сөйлеген сөзінен үзінді келтірілген. Іс-шара 2020 жылы өтті. Ковальчук ДДҰ-ның құрылу тарихын өзінше түсіндіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шын мәнінде қалай пайда болды? Ағайынды Даллестер Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде танымал. Олар елдің саяси өмірінде беделді болған. Джон Фостер Даллес Президент Дуайт Эйзенхауэр кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. Аллен Даллес дипломат және барлаушы болған. 1953 жылдан 1961 жылға дейін ол Орталық барлау басқармасын басқарған.
Ол «Даллес жоспары» деп аталған құжаттың авторы деп те айтылды. Онда АҚШ-тың КСРО-ны қалай құлатпақ болғаны, тіпті бұған септігін тигізетін әдістер егжей-тегжейлі сипатталған. Шын мәнінде, «Даллес жоспары» – бұл бірнеше рет жоққа шығарылған фейк.

Даллестің КСРО-ны жою жоспары – жалған

Ағайынды Даллестердің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын құруға қатысы бар екендігіне сенімді ақпарат жоқ. Сонымен қатар, АҚШ-тың бұл ұйымды құру идеясына мүлдем қатысы жоқ.
ДДҰ құру идеясы алғаш рет 1945 жылы БҰҰ конференциясында айтылды.
Бразилия мен Қытай делегаттары осындай ұсыныс жасады. 1946 жылы Нью-Йоркте Халықаралық денсаулық сақтау конференциясында ұйымның жарғысы жарияланды. Оған 61 елдің өкілдері қол қойды, олардың 10-ы БҰҰ-ға мүше емес. ДДҰ жарғысы 1948 жылы сәуірде күшіне енді. Америка Құрама Штаттары ұйымға екі ай өткен соң ғана – шілдеде қосылды.
Видеода ДДҰ Дэвид Рокфеллердің қаражатына құрылған делінген. Бұл өтірік. Ұйымды қаржыландыру көздері – бұл ДДҰ мүшелерінің міндетті жарналары және мүше мемлекеттердің, қайырымдылық қорлардың, халықаралық ұйымдардың және басқа серіктестердің ерікті аударымдары. Демеушілердің негізгі үштігіне Швеция, Австралия және Нидерланд кіреді.

ДДҰ серіктестерінің ішінде Рокфеллер қоры да бар. Өзара ынтымақтастық 70 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Бірақ қор ұйымның негізгі демеушісі емес.

Демек, таралған видеода айтылған мәлімдемелер ойдан шығарылған. Орталық барлау басқармасы ДДҰ құруға қатысқан жоқ. Ұйымды қаржыландырудың негізгі көзі Дэвид Рокфеллер емес.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button