Тарих

Фейк: «1967 жылғы жаңалықтарда жазық Жер картасы көрсетілген»

Әлеуметтік желілерде 1967 жылғы жаңалықтардан алынған ақ-қара видео үзінді тарады. Кадрларда «Жазық Жер картасының» алдында тұрған жүргізуші көрсетілген. Бұл үзінді қайдан шықты және оның жазық Жерге неге қатысы жоқ екенін түсіндірейік.

Суреттерді кері іздеу құралдарының көмегімен видеоның дереккөзін табу қиын болған жоқ. Бұл – әлемдегі алғашқы спутниктік телехабар кадрлары. 1967 жылы 25 маусымда тарихта бірінші рет Клифф Мишельмор жүргізген «Біздің әлем» бағдарламасының халықаралық трансляциясы өтті. Тікелей эфирде The Beatles тобы әлемдік хитке айналған All You Need is Love әнін алғаш рет орындайды. Трансляцияның толық жазбасын Желіден көруге болады.

Эфирде ешқандай жазық Жер картасы көрсетілмейді. Жүргізуші Клифф Мишельмор Жердің азимутальды проекциясына қарама-қарсы тұр және ол оған жақындағанша көрермендерге студияда орналасқан Жер шарының моделі ұсынылады. (Видеоның 50 секунды)

Сондай-ақ эфирде жазық Жер теориясы талқыланбайды, эфирге қатысушылар да бұл тақырыпты көтермейді.

Қорыта айтқанда, таралған видео контекстен тыс үзіп алынған. Онда жазық Жер картасы емес, Жер шарының азимутальды проекциясы көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button