Даллестің КСРО-ны жою жоспары – жалған
Telegram арналарында Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы Аллен Даллестің сөзінен алынған үзінді тарады. Америкалық дипломат және барлаушы АҚШ-тың КСРО-ны жою жоспарымен бөліседі. Бұл ақпаратқа сенбеген жөн, «Даллес жоспары» деп аталатын фейк 30 жылдан бері бар.
Аллен Даллес заңгер және дипломат болып бастаған. 1953 жылы АҚШ Орталық барлау басқармасын басқарған. 1961 жылға дейін қызмет етті.
Даллестің Кеңес Одағын жою жоспары бар екендігі туралы ақпарат алғаш рет 1993 жылы баспасөзде жарияланды. «Советская Россия» газетінде Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Иоанн (Снычев) атынан «Ресей үшін шайқас» мақаласы шығады. Даллес КСРО-да шынайы құндылықтарды жалған құндылықтармен алмастырып, әдебиет пен өнер арқылы опасыздықты таратып, мемлекеттік басқаруда былық, араздық тудыру жоспарланған болатын.
Айта кетейік, бас америкалық барлаушыға қатысты мәтін Анатолий Ивановтың «Вечный зову» кітабында қайталанады. Жағымсыз кейіпкер Лахновский кеңестік офицермен Гитлердің КСРО-ны жою жоспарларымен бөліседі. Онда да жалған құндылықтарды енгізу болды, оған Ресейдегі пікірлестер көмектеседі екен. Роман-эпопея өткен ғасырдың 70-жылдарында жарық көрді.
Тағы бір таңқаларлық нәрсе – Даллестің сөздері тек орыс тілінде ғана бар. Шетелдік баспасөзде ол туралы мүлдем айтылмаған. Оның толық нұсқасы да жоқ.
Ресей Ғылым академиясының әдебиеттанушысы Александр Панченко Даллес жоспарын ең танымал посткеңестік конспирологиялық теория деп атайды. Жазушы осы тақырыпта «Даллестің Ресейге қатысты жоспары: қастандық теориялары және посткеңестік қоғамдағы моральдық дүрбелең» тақырыбында егжей-тегжейлі зерттеу жариялаған.
Демек, бұл құжаттың болғанына ешқандай дәлел жоқ. Таралған ақпарат – фейк.