Дәлелсіз: «Фаст-фудтан антибиотиктер мен бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер табылды»
Әлеуметтік желілерде он танымал желілік мейрамхананың фаст-фудында антибиотиктер мен бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер бар екендігі дәлелденген жаңа зерттеу туралы ақпарат тарады. Қауіпті заттар бургерлер мен басқа да тағамдарды өндіру үшін қолданылатын ет пен жануарлардан алынатын өнімдерден анықталған екен. Бұл рас па, анықтайық.
Жаңа зерттеу туралы ақпараттың көзі – ағылшын тіліндегі The Epoch Times порталы. MediabiasFactCheck жобасының тәуелсіз бағалауына сәйкес, бұл ақпарат көзі күмәнді және біржақты болып табылады. Портал көбінесе қастандық теорияларын, фейк жаңалықтар мен үгіт-насихат таратады. Фактчекерлер порталда жарияланған ақпараттарды бірнеше рет жалған деп таныған. Демек, The Epoch Times хабарлағанның бәріне сене беррмеу керек.
Өз кезегінде, бұл портал тағамнан табылған антибиотиктер мен бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер туралы хабарламасында коммерциялық емес америкалық Moms Across America ұйымының тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеуге сүйенеді. Бұл ұйым гендік-модификацияланған өнімдердің, химия өнеркәсібінің және вакцинацияның зияны туралы идеяларды дәріптейді.
2015 жылы ұйым RundUp гербицидін қолдану салдарынан аналардың емшек сүтінде қатерлі ісік тудыратын зат жиналады деп мәлімдеді. Ғалымдар мұны жоққа шығарып, ұйым жариялаған тұжырымдар ғылыми фактілерге қайшы келеді және бұған негіз жоқ деп хабарлады.
Мұның бәрі зерттеуге тапсырыс берген ұйымға және оның нәтижелерін жариялаған БАҚ-қа деген сенімге нұқсан келтіреді.
Фаст-фудтан антибиотиктер мен бала көтертпейтін дәрі-дәрмектердің анықталғаны туралы басқа ешкім хабарламағанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ ет, сүт, жұмыртқа, бал және жануарлардан алынатын басқа өнімдерде малдың қауіпті ауруларының алдын алу үшін қолданылатын антибиотиктерді байқауға болады. Біріншіден, олар өте аз мөлшерде болады. Екіншіден, қадағалау органдары оны мұқият реттейді. Бүгінде қол жетімді ғылыми зерттеулер жануарлардың құрамындағы антибиотиктердің құрамдас бөліктерінің мөлшері адамға қандай да бір әсер ету үшін жеткіліксіз екенін көрсетті.
Еттен бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер табылғандығы және ешкім ешқашан хабарламаған.
Олай болса, әлеуметтік желіде таралған хабарлама дәлелсіз. Онда сілтеме жасалған зерттеу күмәнді ұйымның тапсырысы бойынша жүргізілген және басқа беделді дереккөздерде расталмайды.