Fake News

Фейк: «Фармацевтикалық компаниялар адамның денесінде синтетикалық гендер болса, оған патент ала алады»

Әлеуметтік желілерде біртүрлі медициналық теория талқылануда: егер адам геномында синтетикалық зат болса, онда адамның бір бөлігіне, толығымен фармацевтикалық компаниялар иелік етеді. Бұл өтірік.

Дереккөз ретінде адамдарды мРНҚ вакциналарымен тәжірибе жасау туралы ескерткен доктор Керри Мадей көрсетілген. Оның айтуынша, мРНҚ егулері адамның ДНҚ-сына бөгде гендерді енгізеді. Фактчекерлер бұл ақпаратты 2021 жылы жоққа шығарып, оны ғылымға қарсы деп атаған.

Керри Мадей гендік-модификацияланған адамдарға патент берілетіні туралы доктор Крейг Вентерден білген. Бұл жасанды тіршілік формаларын зерттеумен айналысатын америкалық генетик және биотехнолог. 2000 жылы адам геномын секвенирлеу әрекеті жасалғанда, Вентер мен британдық биолог Джон Салстон арасында зияткерлік меншікке байланысты келіспеушіліктер орын алды. Британдық ғалым синтетикалық өмір формасын патенттеуге қарсы болды. Ол өзінің ұстанымын былай түсіндірді: патент жасаушыға бірқатар гендік инженерияға монополия береді. Салстонның пікірінше, бұл дұрыс емес, барлық ғалымдар геномға еркін қол жеткізуі керек. Өз кезегінде Вентер ақпарат ақылы болуға тиіс деп талап етті.
2013 жылы АҚШ Жоғарғы соты дау-дамайға нүкте қойды. Оның үкімі: оқшауланған адам гендерін патенттеуге болмайды. Ал адам денесінен тыс синтетикалық ДНҚ-ға патент алуға болады. Бұл ғалымдарға болашақта өмірге қауіп төндіретін аурулармен күресудің жолдарын табуға көмектеседі.

2021 жылы Желіде COVID-19 қарсы егілген адамдар патенттелген және ешқандай заңды құқықтары жоқ деген фейк ақпарат тарады. Содан бері ештеңе өзгерген жоқ. Табиғатта кездесетін барлық дүние, соның ішінде адамдарды да патенттеуге болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button