Fake News

Kaspi.kz Қазақстандағы холдингтің жұмысын тоқтату туралы қауесетті жоққа шығарды

What ‘ sApp мессенджерінде Kaspi.kz әлемдегі саяси жағдайға байланысты Қазақстандағы жұмысын тоқтатады деген ақпарат таратылуда. Сондай-ақ, пайдаланушылар қазірдің өзінде банктен несие немесе бөліп төлеу арқылы тауар алу мүмкін емес екенін айтуда. Бұл өтірік.

Kaspi.kz холдингінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе өзінің YouTube каналында үндеу жасады. Ол банктің қазақстандық нарықтан кететіні туралы мәлімдеген жоқ.

– Kaspi-дің банкроттығы қатысты ақпарат. Бұл сандырақ. Мен Kaspi-ді 2007 жылдан бері басқарып келемін, міне, 15 жылдай болды. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін жеке өзім жауап беремін. Біз ел үшін көп нәрсе жасадық, клиенттер бізді жақсы көреді, бірақ жаман ойлаған адамдар өтірік ақпарат таратқан үшін төлейді, арандатушылыққа барады, бізді қорлауға тырысады. Біз сүйікті клиенттеріміздің сенімін ақтап келдік, ұдайы солай болады. Бізге көрсеткен сенімдеріңіз үшін әрқайсыңызға рахмет айтамын! Біз әрқашан да еліміздің, қазақстандықтардың және әрбір сүйікті клиентіміздің игілігі үшін жұмыс істейміз, – деді ол.

Қазіргі кезде Kaspi.kz қосымшасында несие немесе бөліп төлеу арқылы тауар алуға өтінім беру функциялары қолжетімді. Холдингтің ресми сайтында да, оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында да несие беруді тоқтата тұру туралы ақпарат жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button