Fake News

Фейк: «5G технологиясын Никола Тесла ойлап тапты»

Әлеуметтік желілерде 5G технологиясының зияны туралы видео тарады, оны ұлы физик Никола Тесла мемлекеттік шекараларды қорғау жүйесі ретінде жасаған екен. Бұл рас па? Тексерейік.

Никола Тесла – барлық замандардағы ең көрнекті ғалымдардың бірі. Ол қазіргі заманғы электр құрылғыларының көбін жасауға мүмкіндік берген технологияларды ойлап тапқан. Сондай-ақ Тесла радиобайланысты, қашықтан басқаруды және т.б. жаңалықтарды ашқан.
Алайда, 5G желілерінің пайда болуының оған қатысы жоқ. Никола Тесла ұялы байланыс пен Интернет шыққанға дейін көп уақыт бұрын қайтыс болған.
Тесла көзі тірісінде сымсыз телекоммуникация технологиясын дамытуды армандаған, тіпті Ворденклиф бағанасы деп аталған үлкен бағана салу бойынша ірі және қымбат жобаны да бастаған. Тесла бағананың көмегімен Жердің кез келген түкпіріне электр қуатын да, ақпаратты да ешқандай сымсыз жеткізе алатынына сенді.
Алайда, сынақтар ғалымның гипотезаларын растамады және жобаны қаржыландыру тоқтатылды. Сайып келгенде, Тесланың бұл идеясы жүзеге асырылған жоқ.
5G технологиясы бір ғалымның немесе мамандар тобының әзірлемесі емес. Оны әлем бойынша көптеген әзірлеушілер жасап, толықтырды. Технологияны жасауға бұрыннан бар 2G, 3G және 4G желілері негіз болды.
Таралған ақпаратта айтылғандай, 5G желілері мемлекеттік шекараларды қорғамайды, сондай-ақ адам үшін қауіпсіз. Технологияның қауіпсіздігін ДДҰ, Иондаушы емес сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP) және Еуропалық Парламент растайды.
Технологияның қалай жұмыс істейтіні және одан неге қорықпау керектігі туралы физик және ғылымды насихаттаушы Дмитрий Побединский өзінің YouTube арнасында айтқан.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік желілерде таралған ақпарат жалған. 5G технологиясы мемлекеттік шекараларды қорғауға арналмаған және оны Никола Тесла ойлап тапқан жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button