Желіде «Правда» газетінің фейк суреті тарады
Әлеуметтік желілерде кеңестік «Правда» газетінің 1951 жылғы 1 наурыздағы сандарының бірінің суреті тарады. Бірінші бетте «АҚШ доллары бос, қамтамасыз етілмеген қағаз» деген мақала жарияланған. Мақалада доллар құнсыз, ал АҚШ экономикасы «шын мәнінде түкке тұрғысыз нәрсе», сондай-ақ АҚШ-тың ЖІӨ-нен жоғары мөлшерде сыртқы қарызы бар және ол қарызға өмір сүріп жатыр делінген. «Ең ірі борышкерлер» «экономикасы мықты, тұрақты дамыған мемлекеттер» екен, мысалы, ЖІӨ-ден төрт есе артық қарызы бар Ұлыбритания.
Шын мәнінде, мұндай мақала шықпаған. Бұл фейк.
«Правда газеті 1951 1 наурыз» деп іздегенде бірінші бетте шыққан екі мақала табылды. Олардың бірінде АҚШ және «бос доллар» туралы мақала басылған (әлеуметтік желілердегі суретте көрсетілгендей). Ал сол басылымның 1951 жылғы 1 наурыздағы тағы бір суретінде «Бөлшек сауда бағасы тағы да төмендеді» деген тақырыппен шыққан мүлдем басқа жарияланым жарық көрген.
Айта кетейік, екі суреттің де оң жағында басқа тақырыптың басы көрініп тұр – бірінші жолда «Бөлшек…» және екінші жолда «баға» деген әріптер жазылған. Яғни, бұл екі бөлек шыққан газет емес. Алайда, олардың бірі – түпнұсқа, екіншісі – өңделген. Оны тақырыптары әртүрлі екі суреттегі дақтардың және қарындашпен жазылған жазулардың бірдей боулымен расталады.
Бөлшек сауда бағасының төмендеуі туралы тақырыбы бар газет толық ұсынылған. Яғни, газет бетін ашып, басылған басқа материалдарды да оқуға болады. Басқа мақалалардың тақырыбы да бағаның төмендеуімен байланысты.
Газеттің атауы, тақырыбы және мәтіннің бір бөлігінен басқа да жазулар көрінетін АҚШ туралы тақырыбы бар басқа суреттер табылған жоқ. Бұл газеттің осы нұсқасы жалған екендігін білдіреді.
Фактчекерлер «АҚШ доллары – бос, қамтамасыз етілмеген қағаздар» деген тақырыбы бар суреттің түпнұсқалығын тексеріп, газеттің бұл санын басқалармен салыстырып, бірқатар сәйкессіздікті анықтаған.
Олардың бірі – доллар туралы материал толықтай (тақырыбы мен негізгі мәтіні) қалың қаріппен терілген, бұл «Правда» газетіне тән емес.
Сондай-ақ мақала мәтінінің реңкі басқа белгілерден, мысалы, газет атауынан («Правда» сөзінен) ерекшеленеді. Суретте уақыт өте келе барлық әріптердің бояуы кетіп, ақ дақтардың пайда болғанын байқауға болады. Алайда, Америка туралы мақалада олай емес.
«Проверено.Медианың» хабарлауынша, мақаланың мазмұнына қатысты да ескертулер бар. 50-ші жылдары «ЖІӨ» термині орыс тілінде сирек қолданылған. Сондай-ақ әртүрлі елдердің сыртқы қарыздары туралы мәліметтер баршаға қол жетімді болмаған.
Демек, Желіде тараған сурет – фейк. Нақты сурет өңделген, ал бірінші беттегі мәтін ауыстырылған. Сонымен қатар «Правда» газетінде «бос АҚШ доллары» туралы мақалалар жарияланбаған.