Fake News

Желіде елорданы көшіру туралы ескі фейк тағы да таралуда

WhatsApp-та және әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Астанадан Түркістанға көшіру туралы шешім қабылдағаны туралы видео тарады. Бұл ескі фейк.

Мәтіні бірдей, бірақ видеосы басқа ролик осы жылдың сәуір айында Қазнетте жарияланған. 
Содан бері ештеңе өзгерген жоқ. БАҚ-та елорданы Түркістанға көшіру туралы жаңалықтар болған жоқ. Мұндай ақпараттар ҚР Президентінің сайтында да шықпады.
Парламенттің ресми порталында да мұндай бастамалардың талқыланғаны туралы жазылған жоқ.
Елорда Түркістанға көшірірілуі мүмкін екендігі туралы Қазнетте 2020 жылдан бері айтылып келеді. Сол жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сұхбаттарының бірінде мұндай шешім қабылданбағанын мәлімдеді. 
Демек, таралған ақпарат – ескі фейк, оған сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button