Алаяқтық

Қазақстандықтар белгілі вайнердің атынан алдауда

Қазнетте белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбектің қатысуымен тез табыс табу туралы бейнеролик тарады. Бұл алаяқтардың ісі.

Серғазы Тоқтарбектің бұл роликке ешқандай қатысы жоқ. Мұндай жарнамалық видеолар Желіде бұған дейін де таратылған болатын, вайнер оларға сенбеңіздер деп мәлімдеген.

– Достар, егер менің қатысуыммен жарнаманы көрсеңіздер, дереу шағым жіберіңіз! Бұл алаяқтар! Сеніп қалмаңыздар! Барлық ақпарат белгісі бар @sekavines ресми парақшасында ғана! – деп жазды ол өзінің аккаунтында. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button