Алаяқтық

Алаяқтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысының атынан жалған хабарламалар жібереді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі алаяқтардың әрекеті туралы ескертеді. Белгісіз біреулер агенттік аппаратының басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан танымал қосымшалар арқылы жалған хабарламалар тарата бастады.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі телеграм және ватсапп мессенджерлерінде Агенттіктің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатқан алаяқтар туралы ескертеді.

Белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Жіберілген жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және жауап бермеуіңізді, сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз», – делінген МҚІА ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button