Фейк: «Саммитте рептилойд-әйел болған»
Қазнет қолданушылары америкалық саясаткер Нэнси Пелосидің видеосын таратуда. Кейбір пайдаланушылардың пікірнше, роликте оның артында тұрған әйел – рептилоид. Бұл – конспирология.
Қазнетте таралған видео шынайы. Ол Нэнси Пелоси Америка саммитінде сөз сөйлегенде түсірілген. Оның толық нұсқасын желіден көруге болады.
Оның артында тұрған әйел – конгрессмен Максин Уотерс. Ол 1980 жылдардан бері саясатпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол офлайн режимде де, теледидарда да бірнеше рет көпшілік алдында сөз сөйлеген. Оның адам екеніне күмән жоқ.
Рептилоидтар туралы теория конспирологиялық және дәлелсіз. Ол 2000-шы жылдардың басында шыққан және көп мәрте теріске шығарылып, объективті шындыққа мүлдем сәйкес келмесе де, әлі күнге дейін танымал. Оның жақтаушылар көптеген елдердің көшбасшылары, саясаткерлері және танымал жұлдыздар шын мәнінде адамдар емес дегенге сенеді. Теорияға сәйкес, олар адамзатты басып алу үшін басқа планетадан ұшып келген рептилойдтар нәсілінің өкілдері. 20 жылдан астам уақыт ішінде теорияның бірде-бір нақты дәлелі табылмады.
Демек, таралған видеоға сенуге бомлайды. Кадрларда келімсектер нәсілінің өкілі емес, конгрессмен Максин Уотерс.