Fake News

Фейк: «ДДҰ адамдарды негізгі құқықтарынан айырмақ»

Танымал Telegram-чаттарда 2023 жылғы 21 мамырдан бастап ДДҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының мүшелері бірқатар түзетулерге дауыс бере бастайды, нәтижесінде адамдар өздерінің негізгі құқықтарынан айырылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды.


Бәрін ретімен түсіндіріп өтейік.
Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ұйым емес, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өткізетін жыл сайынғы іс-шара.
Биыл ол 21 мамырда Женевада бастау алады. Ол дәстүрлі The Walk the Talk: Health for All Challenge спорттық іс-шарасымен және әлемдік эстрада жұлдыздары өнер көрсететін концертпен ашылады.
Содан кейін Ассамблея аясында пленарлық отырыстар өтеді. Олардың кестесімен ДДҰ ресми сайтында танысуға болады.
Отырыстарда қоғамдық денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларына қатысты құжаттар талқыланады. Олардың көпшілігі ДДҰ-ның әртүрлі бағдарламаларын қаржыландыруға және ресурстарды бөлуге қатысты.
Құжаттардың ешқайсысы адамдарды қандай да бір құқықтардан айыруға бағытталмаған. Сонымен қатар ДДҰ құжаттарының заңды күші жоқ және ешкімді қандай да бір құқықтар мен міндеттерден айыра алмайды немесе оны бере алмайды. 
Бұған дейін Қазнет қолданушылары ДДҰ ұсынған пандемиялық келісім қатысушы елдерді егемендігінен айыруға бағытталған деген теорияны алға тартқан болатын. Алайда, бұл конспирология. Шын мәнінде, пандемилықя келісімі жаңа пандемия жағдайында елдер індетке қарсы шараларды тез және тиімді қолға алуы, ал кедей елдердің тұрғындары гүлденген мемлекеттердің азаматтары сияқты қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізуі үшін қажет. Сонымен қатар, келісім шарттарын қабылдау-қабылдамауды қатысушы елдердің өздері шешеді.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама жалған. ДДҰ адамдарды негізгі құқықтарынан айыруды жоспарлап отырған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button