Fake News

Фейк: «Мидың сөйлеу орталығы бүкіл денені бағындырады»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар мидың сөйлеу орталығы басқаларынан басым деп жазуда. Егер жақсы сөз айтатын болсақ, онда өз денсаулығымызды, әл-ауқатыңызды едәуір жақсарта алады екенбіз. Бұл рас па? Анықтайық.

Бұл идеяның дұрыстығын бағалау үшін мидың сөйлеу орталығы қай жерде орналасқанын білуіміз керек. Егер оған зақым келсе немесе ол мүлдем болмаса не болады?
Адам миында сөйлеудің түрлерін түсінуге және айтуға жауап беретін бірден екі аймақ бар. Брока аймағы – ми қыртысының аймағы, ол сөз айту үшін жауап береді. Мидың дәл осы бөлігі ерін, тіл және біз сөйлеген кезде қолданатын барлық бұлшықеттерді басқарады. Сондай-ақ Брока аймағы жазбаша тілді түсінуге және оны жазу үшін жауап береді.
Мидың тағы бір бөлігі Вернике аймағы, ол сөйлеуді дұрыс қабылдау мен түсінуді қамтамасыз етеді. Мидың бұл аймағы лингвистикалық маңызды дыбыстардың, яғни адамның сөйлеуі мен лингвистикалық маңызды емес дыбыстардың арасындағы айырмашылықтарды түсінуді қамтамасыз етеді – мысалы, судың сыңғырлаған дауысы, мысықтардың мияулағаны, көлік сигналы және басқалары.
Аталған мидың бөліктерінің зақымдануы афазия ауруын тудырады. Вернике аймағы бүлінсе, онда рецептивті афазия дамиды. Нәтижесінде адамдар кез келген мәтінді оқуға немесе жазуға қиналады немесе мүлдем оқып, жаза алмайды, сондай-ақ тез және байланыссыз сөйлейді, бірақ өздері мағынасыз сөздер айтып жатқандарын түсінбейді.
Экспрессивті афазия Брока аймағына зақым келген кезде дамиды. Бұл кезде көбінесе адамдар сөздерді қайталауда қиындықтарға тап болады – оларды баяу, қиындықпен, интонациясыз айтады. Көп жағдайда адам айтқысы келетін сөздер балағат және былапыт сөздермен аралас болады, ал адамның өзі мұны байқамайды.
Брока мен Вернике аймақтарының зақымдануы мидың барлық басқа бөліктерінің де зақымдалғанын немесе адамның сөйлеуге байланысты емес басқа да ауруларға шалдыққанын білдірмейді.
Брока мен Вернике аймақтары да, мидың басқа да аймақтары мүлдем болмауы мүмкін, бірақ адам қалыпты өмір сүреді, сөйлейді. Бұл мидың функцияларды әртүрлі аймақтар арасында үлестіру қабілетіне байланысты. Мысалы, ғылымда тек бір ғана ми жарты шары бар адамдар екі жарты шары бар адамдар секілді оқып, жазған, жұмыс та істеген жағдайлар белгілі.
Бір ер адамның миының 90%-ы болмаған, яғни, ғалымдарға таныс Брока мен Вернике аймақтары жоқ. Осыған қарамастан, ол жұмыс істеген, отбасы құрып, балалы болған, басқа адамдардан еш ерекшеленбеген. 
Бұл адам миы әртүрлі аймақтардың жоғалуының немесе зақымдануының орнын толтыра алатындықтан болады. Жойылған функцияларды мидың сақталған аймақтары атқарады. 
Демек, бүкіл денені бағындыратын мидың нақты бір аймағы жоқ.
Жақсы сөз айтып, денсаулықты жақсартуға, ал жаман сөздер айтып, ауырып қалуға, тіпті өліп кетуге болады деген теория дәлелсіз. Егер бұл мүмкін болса, медицинаға деген қажеттілік болмас еді. Адамдар жай сөзбен ғана емделер еді. Мысалы, сынықтарды бұл туралы аса сенімді түрде дауыстап айту арқылы біріктіруге болады, ал пациент өзіне және айналасындағыларға ауру емес екенін жиі айтса, емделмейтін генетикалық аурулар өздігінен жойылар еді.
Әрине, өзіңізге немесе басқа біреуге жағымды, жігерлендіретін сөздер айтып, стресс деңгейін және оның салдарынан болатын психикалық және физикалық аурулардың даму ықтималдығын төмендетуге болады. Алайда, бұрыннан бар ауруларды емдеу немесе ауыр аурулардан құтылу мүмкін емес.
Мұның бәрі таралған хабарламаның ғылымға қарсы және дәлелсіз екенін көрсетеді. Мида бүкіл денені басқаратын және ауруларды емдей алатын бірде-бір сөйлеу орталығы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button