Конспирология

Фейк: «Қытайлық астронавттар жалпақ Жерді суретке түсірді»

Мессенджерлерде жалпақ Жер аясында түскен астронавттың фотосуреті тарады. Оның планетамыздың диск еместігін неге дәлелдемейтінін түсіндірейік.

Суретте 2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Шэньчжоу-14» кемесі экипажының ғарышқа шығуы көрсетілген. Желіде ғарыш кемесінен тыс жұмыс істеген ғарышкерлердің фотосуреттері де, видеолары да бар. Олардың кейбіреулерінде Жердің дөңгелек екендігі айқын көрініп тұр.

Қалған суреттерде планетамыздың беті жалпақ болып көрінеді, бірақ бұл оптикалық иллюзия. Суреттерде камераның объективі сызықтарды бұрмалап жібергені байқалады. Ғарыш кемесінің өзі қисық сияқты. Сондай-ақ Жердің ғарыш кемесінен әлдеқайда үлкен екенін ескеруіміз керек, сондықтан оның иілісі кейбір жағынан көрінбеуі мүмкін. Сонымен қатар «Шэньчжоу-14» кемесі қосылған «Тяньгун» ғарыш станциясы орналасқан Жерден 340-350 км биіктікте Жер бетінің көзге көрінетін иілісі аса үлкен емес.

Біз Жердің жалпақ болуы мүмкін еместігі туралы жазған болатынбыз. Бұл физика мен гравитация заңдарына қайшы келеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, жалпақ Жердің фотосуреттері туралы ақпарат контекстен үзіп алынған фейк болып табылады. Ашық ғарышқа шығудың фотосы мен видеосында Жердің шар тәрізді екендігі айқын көрініп тұр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button