Балабақшаларда жаппай ПТР тестілеу туралы қауесет расталған жоқ
Желіде еліміздегі балабақшалардың бірінде балаларға COVID-19 анықтау үшін жаппай ПТР-тестілеу жүргізілгендігі туралы қауесет тарады. Автордың айтуынша, бұл талдаулар балалардың ата-аналарының рұқсатынсыз алынған. Хабарламада қаланың атауы, балабақшаның номері көрсетілмеген.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
– Балабақшаларда жаппай тестілеу жүргізілген жоқ. Бұған қаражат та, материалдар да бөлінбеді. Оның үстіне, ата-аналардың жазбаша келісімінсіз балалармен кез келген медициналық манипуляциялар жасау заңды өрескел бұзу болар еді», – деді ол.
Баладан COVID-19 анықтау үшін ПТР-тест ол науқаспен байланыста болса ғана алынады. Бұл ретте ата-аналардың немесе ресми қамқоршылардың жазбаша рұқсаты қажет.