Fake News

Украина Қазақстанда жойғыштар мен бомбалаушыларға арналған компоненттерді сатып алмақ – фейк

Telegram мессенджерінде «Укрспецэкспорт» МК Қазақстанмен УҚК қажеттіліктері үшін Астанадан ресейлік әскери өнімдер сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы жаңалық шықты. Бұл Су-24 және МиГ-29 ұшақтарына арналған ПГК-10 тежегіш парашют жүйелеріне қатысты. Қазақстан астанасында тіркелген «Navico» ЖШС, «BSKey company», «ИГТ» ЖШС, «Сыздыков Т.С.» ЖК компанияларымен байланыс байқалады екен. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тараған Қазақстан «Укрспецэкспорт» компаниясымен УҚК қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз.

Мұндай инсинуациялар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қауесеттерге ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button