Фейк: «Адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялайтын дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер қозғалуда»
Telegram-да АҚШ-тың Огайо штатында адамдарға COVID-19 қарсы вакцина салу қылмыстық құқықбұзушылық болып саналатын заң қабылдағаны туралы жазылды. Дәрігерлерге қатысты істер қозғалуда, ал вакцинация толығымен тоқтатылған екен. Мұның бәрі өтірік.
Огайо штатында да, әлемнің ешбір мемлекетінде вакцинация қылмыс болып саналмайды. Бұл қауесетті таратқан пайдаланушылар Федералды сот 2023 жылдың қаңтарында бірден үш штатта: Кентукки, Огайо және Теннессиде COVID-19 қарсы міндетті вакцинацияға тыйым салуды мақұлдады деген жаңалықты қате түсінген болар.
Яғни COVID-19 қарсы вакцинация тоқтатылған жоқ. Ниет білдіргендер әлі де вакцина ала алады. Егу орталықтарының өзекті тізімі Огайо Денсаулық сақтау департаментінің ресми сайтында орналастырылған. Штатта коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға болатын барлығы 927 орын бар.
Судья шығарған шешім тек міндетті вакцинация талаптарына ғана қатысты. Яғни, жұмыс берушілер де, басқа ешкім адамнан еркіне қарсы вакцина алуды талап етуге құқысыз.
Мұндай шешім қоғамда дау тудырды. Сот шешіміне дейін, міндетті вакцинацияға тыйым салу әлі талқыланып жатқанда, Esquire журналы «балаларды гранатаға жақындатпағандай», екпені ұсынған адамдарды саясаттан аулақ болуға шақырды.
Демек, таралған ақпарат жалған. Огайода да, басқа жерде де COVID-19 қарсы вакцинация ауыр қылмыс болып саналмайды.