Конспирология

Фейк: «АПВ вакцинасынан графен оксиді табылды»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда тараған видеода бір әйел микроскоппен адам папилломавирусына қарсы «Гардасил» вакцинасын қарап, одан графен оксидін табады. Бұл шындыққа жанаспайды.

«Гардасил» вакцинасы 6, 11,16 және 18 типті адам папилломавирусының алдын алуға арналған. Ол 9 жастан 26 жасқа дейін үш кезеңмен егіледі.
Препараттың құрамы баршаға қол жетімді және құпия емес. Препарат ингредиенттерінің тізімінде графен оксиді жоқ. 
Бүгінгі күні графен оксиді клиникалық сынақтардан тыс қолданылатын бірде-бір медициналық препаратта.
Видеодағы әйел микроскоппен қарап отырған зат кез келген нәрсе болуы мүмкін. Мысалы, объективтегі шаң-тозаң немесе бөгде элементтер. Графен оксидін микроскоппен көптеген басқа материалдардан ажырату өте қиын, әсіресе ол кісінің тәжірибесі аз болса. Микроскоппен қараған заттың графен оксиді екенін нақты айту үшін оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік беретін қосымша зерттеулер жүргізу керек. 
Видеода мұндай ештеңе жоқ. Демек, микроскоп астындағы зат графен оксиді деп айту негізсіз.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, АПВ қарсы вакцинада графен оксиді жоқ және ешқашан болмаған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button