Фейк: «мРНҚ көмегімен адам геномын өзгерту мәселесі 2015 жылы талқыланаған»
Telegram чаттарында 2015 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның іс-шараларының бірінде мРНҚ технологиясының көмегімен адам геномын өзгерту мүмкіндігі жария талқыланғаны туралы ақпарат тарады. Жазба COVID-19 қарсы вакциналары сол құрал екенін және барлық вакцинацияланған адамдар гендерін өзгертуге рұқсат бергенін дәлелдейді екен. Бұл жалған.
Ақпаратқа Калифорния университетінің профессоры Дженнифер Дуднаның сөйлеген сөзі жазылған видео тіркелген. Таратылатын ролик – бұл оның тышқандарды мысалға келтіре отырып, CRISPR Cas9 технологиясы арқылы гендерді өңдеу технологиясының қалай жұмыс істейтінін түсіндірген видеосынан алынған үзінді. Бұл ДНҚ тізбегін барынша дәл кесуге және одан қажетті гендерді енгізуге немесе алып тастауға мүмкіндік беретін «генетикалық қайшының» бір түрі.
Профессордың толық сөзін Дүниежүзілік экономикалық форумның YouTube арнасынан табуға болады. Біріншіден, ол мРНҚ вакцинасы туралы мүлдем айтпайды. Екіншіден, ол ересек кезде алған инъекциядан кейін тышқандардың гендері өзгерді демейді. Ол кейін тышқандарға салынатын Cas9 арнайы ақуызын ұрықтандырылған жұмыртқаға апаратын технологияны сипаттаған. Нәтижесінде, осы жұмыртқадан жаратылған кейбір тышқандардың терінің түсіне жауап беретін гендері өзгерген.
CRISPR Cas9 технологиясы адамзаттың бірқатар мәселелерін шешуі мүмкін. Оны қазір емделмейтін деп саналатын генетикалық аурулардан арылу үшін қолдануға болады.
Сондай-ақ оның көмегімен адамның тін жасушаларына әсер етуге болады, осылайша ағзаның регенерациясына бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер ашылады. Алайда, қазіргі уақытта технология әлі де зерттелуде және адамдарда қолданылмайды.
COVID-19 қарсы вакциналар жұмыртқа жасушаларына емес, ересектерге егіледі. Cas9 ақуызында олар жоқ. Оның үстіне вакциналар ДНҚ сақталатын жасушаның ядросына ене алмайды. Яғни, оған вакцинаның бірде-бір компоненті енбейді, демек ол оны мүлдем өзгерте алмайды.
CRISPR Cas9 технологиясы мен мРНҚ вакциналары бірдей емес. Олар әртүрлі мақсаттарда қолданылады. МРНҚ вакциналары адамның ДНҚ-сын өзгерте алмайды және оған арналмаған. Дженнифер Дуднаның видеода айтқан сөзінің вакциналарға қатысы жоқ және егілген адамдардың өз геномын өз еркімен өзгерткенін дәлелдемейді.