Фейк: «Атақты актер Голливудта балаларды азаптап өлтіреді деп мәлімдеді»
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде белгілі актер Джеймс Кэвизел Голливудта жасырын балалар саудасы жолға қойылған деп мәлімдеді. Ауқатты және әйгілі адамдар қандағы сирек затты алу үшін кәмелетке толмағандарды азаптап, өлтіреді екен. Мұның бәрі конспирология және дәлелсіз мәлімдемелер.
Джеймс Кэвизел – «The Passion of the Christ» фильмінде Исаның рөлін сомдаған танымал актер. Ол Голливудта балаларды азаптап, өлтіретіні туралы 2021 жылы оң қанатты жақтаушылар конвенциясында мәлімдеген болатын.
Алайда, барлық үздік әртістерді ауыр айыптағанына қарамастан, Кэвизел ешқандай дәлел келтірген жоқ.
Ондай дәлелдер жоқ деуге де болады. Актердің айтқан идеялары АҚШ-та қауіпті ағым ретінде танылған QAnon қастандық теориясының негізгі тезистері болып табылады.
Кэвизел атаған зат – адренохром деп аталады, бұл азапталған балалардың миынан алынатын есірткі емес. Бұл кез келген адамнығ, баланың да, ересектердің де адреналинінің тотығу өнімі. Оны зертханада ешкімді азаптамай, өлтірмей синтездеуге болады.
Бұл зат зертханалық тәжірибелер жүргізу үшін, сондай-ақ қан кету бұзылыстары үшін тағайындалған кейбір препараттардың бөлігі ретінде қолданылады. Оның есірткі және ғажайып қасиеттері жоқ.
Актер Джеймс Кэвизелдің балаларға қарсы қорқынышты қылмыстардың куәсі емес, қастандық жасаушылардың ықпалына түскені туралы Logically порталы жазды.
Қорыта айтқанда, Джейм Кэвизелдің мәлімдемесі Голливудтағы педофилдер мен сәбилерді өлтірушілердің құпия орденінің барын дәлелдемейтіні анық. Актер өз сөзінің шынайылығына ешқандай дәлел келтірмейді, ол танымал қастандық теориялары идеяларының бірін қайталап айтқан.