Конспирология

Фейк: «Өрт, цунами және жер сілкінісін қолдан жасауға мүмкіндік беретін қондырғы бар»

Қазнетте ауқымды табиғи апаттар тудыра алатын алып құрылғының суреті тарады. Бұл өрттер, цунами және жер сілкінісін тудыратын толқындар шығаратын HAARP қондырғысы екен. Бұл өтірік.

Хабарламада айтылғанның бәрі шындыққа жанаспайды. Біріншіден, суретте HAARP жүйесі емес, АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғанысының бөлігі болып табылатын теңізде орнатылатын X диапазонындағы (SBX) радар бейнеленген. Оның мақсаты – баллистикалық зымырандарды, оқтұмсықтарды және т.б. анықтау.
Ақпаратта суреттің қысқартылған нұсқасы ұсынылған. Толық фотосуретте радардың жанында оны құрастырған жұмысшылар бар. Бұл кадр 2004 жылы 15 қазанда Техаста түсірілген. Оны Желіде жарияланған радиолокациялық құрылыстың қысқаша тарихы туралы кітапшаның 10-бетінен көруге болады.


HAARP жүйесінің фотосуреттегі радарға қатысы жоқ. Ол атмосфераның жоғарғы қабаттарын: ионосфера мен термосфераны бақылауға арналған. Жүйе табиғи катаклизмдерді қоздыра алмайды, бұл туралы қондырғының иесі Аляска университетінің мамандары бірнеше рет мәлімдеген боалтын.
Демек, таралған ақпарат – фейк. Суретте HAARP жүйесі емес, әскери радар бейнеленген. Бұл екеуі де цунами, өрт немесе жер сілкінісін тудыра алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button