Конспирология

Дәлелсіз: «Түркияда аспандағы ерекше бұлт жер сілкінісі болатынының белгісі болды»

Әлеуметтік желі қолданушылары Түркияда «өткен аптада» аспанда пайда болған ерекше пішінді бұлттың суретін таратуда. Пост авторының пікірінше, бұл 2023 жылдың 6 ақпанында орын алған жер сілкінісінің хабаршысы болуы мүмкін. Бұл дәлелсіз.

Шын мәнінде, суретте көрсетілген бұлт Түркияда 2023 жылғы 19 қаңтарда байқалған.
Бұл линза тәрізді немесе лентикулярлық бұлт. Ол ауа толқындарының қатпарларында пайда болды. Бұлт Түркияның Бұрса қаласында қалыптасқан, онда ауа температурасы бір күн бұрын Цельсий бойынша 26 градусқа дейін көтерілген.
Әдетте, мұндай бұлттар жер сілкінісінің емес, жауын-шашынның болатынының белгісі. Мысалы, бұған дейін Ресей мен АҚШ тұрғындары лентикулярлық бұлттар туралы хабарлаған, бірақ одан кейін жер сілкінісі болған жоқ.
Сонымен қатар, біз бұған дейін жазғанымыздай, ерекше бұлтты Бұрса тұрғындары байқаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қала елдің жер сілкінісі болмаған бөлігінде орналасқан.
Демек, 2023 жылғы 19 қаңтарда лентикулярлық бұлттың пайда болуы 5-6 ақпанға қараған түні басталған жер сілкінісіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл кездейсоқ болған жағдайлар.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button