Конспирология

Фейк: «Вакциналардың нано уыттылығын дәлелдейтін зерттеулерді адамдардан жасырады»

Қазнет қолданушыларының айтуынша, вакциналардың нано уыттылығын дәлелдейтін зерттеулер бар. Бірақ оны адамдардан жасырады, ал бұл жұмысты жасаған ғалымдарға қоқан-лоқы көрсетіледі екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды.

Хабарламаға Стефано Монтанари мен Антониетта Гаттидің құпия зерттеулері туралы видео тіркелген. Роликте олар ашқан жаңалықтың билікке ұнамағаны соншалық, зерттеушілерді полиция қудалап, олар берген сұхбаттарды жояды делінген.
Интернетте Монтарани мен Гатти туралы көп жазылған. Олар туралы 2017 жылдың қаңтарында Vaccines & Vaccination журналында «Вакциналардың сапасын бақылау бойынша жаңа зерттеулер: микро және наноконтаминация» атты еңбектері жарияланғаннан кейін айта бастады.
Бұл зерттеу ғылыми ортада қатты дау тудырды. Мысалы, BMJ журналында бірден бірнеше ғалым Гатти мен Монтанаридің мақаласына жауапты және олардың ешқайсысы бұл жұмыстың нәтижелерімен келіспейді. Онда келтірілген тұжырымдарды дұрыс емес, ал нәтижелер бұрмаланған деп санайды.
Дегенмен, Гатти мен Монтанаридің сұхбаттарының бейнежазбалары да, зерттеулері де Желіде қолжетімді. Яғни, оларға қоқан-лоқы көрсетіліп, олар және олардың жұмысы туралы кез келген ақпарат жойылады деген ақпарат жалған.
Хабарламада айтылған нано уыттылық – бұл нанобөлшектердің қоршаған ортаға және жануарлар мен адам денсаулығына ықтимал зиянды әсері. Бұл нанобөлшектердің физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттеріне, соның ішінде олардың беткі тығыздығына және ағзаларға сіңу қабілетіне байланысты болуы мүмкін. Нано уыттылықты зерттеумен нанотоксикология ғылымы айналысады.
Бүгінгі таңда қандай да бомласын вакцинада нано уытты компоненттер бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама жалған және сапасы күмәнді зерттеуге негізделген дәлелсіз мәлімдемелер болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button