Тарих

Манипуляция: «Испан тұмауы пандемиясы кезінде элита өкілдері бетперде тақпаған»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 1919 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде түсірілген ақ-қара сурет тарады. Онда бетперде таққан медбикелер мен олардың артында тұрған бетперде тақпаған костюм киген ерлер бейнеленген. Бұл ер адамдар элита өкілдері болған, олар маска тақпаса да, вирус жұқтырмаған екен. Бұл олай емес.

Сурет іздеуге арналған құралдардың көмегімен біз тараған фотосуреттің шынайы екенін анықтадық. Ол 1918 жылы Испанияда емес, Австралияда Сидней аудандарының бірінде 1919 жылы сәуірде түсірілген, деп хабарлайды желідегі жазбаның авторы.
Суретте Блэкфрайарс депосынан кетіп бара жатқан медбикелер бейнеленген. Ал олардың артында тұрған костюмдегі ер адамдардың кім екені белгісіз. Оларды «элита» өкілдері деп атау негізсіз.
Айта кетейік, 1919 жылдың басында осы сурет түсірілген Сиднейде маска тағу міндетті болған. Сондай-ақ қалада мектептер мен ойын-сауық орындары да жабылды.
Алайда, 1919 жылы да қазіргідей, пандемияның шындығына сенгісі келмейтін және бетперде тағудан, карантиндік шараларды орындаудан бас тартқан адамдар болды. АҚШ-та және басқа елдерде олар қауымдастықтарға бірігіп, міндетті түрде бетперде тағу туралы қаулының күшін жоюға тырысқан. 
Маска тағудан бас тартатын адамдар – бетперде тағу міндетті емес, ал тарихи суретте маскасыз тұрған белгісіз адамдар испан тұмауы пандемиясы болмаған дегенді білдірмейді.
Демек, таралған ақпарат – суретте бейнеленген адамдар туралы деректердің жетіспеушілігіне негізделген манипуляция.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button