Конспирология

Фейк: «Адамдар Лемурия бар екенін жасырады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ерекше теория айтылған видео тарады. Онда Тынық мұхитында белгілі бір себептермен адамдардан жасырылып жүрген ежелгі материк – Лемурия бар болғандықтан, ұшақтар оның үстінен ұшпайды делінген. Бұл теорияны талдап, неге шындыққа жанаспайтыны түсіндірейік.

 

Алдымен ұшақтарға тоқталайық. Көптеген авиакомпаниялар өз ұшақтарын Тынық мұхитының үстінен өтетін ұзақ рейстерге жібермеуді жөн көреді. Алайда бұған құпия континенттер мен әлемдік қастандықтардың еш қатысы жоқ. Бұл отын үнемдеу мен қауіпсіздікке байланысты жасалады. Өздеріңіз білетіндей, Тынық мұхиты әлемдегі ең үлкен және ең терең мұхит. Егер оның үстінен ұшақпен ұшып келе жатып, бір жағдай туындап, оны шұғыл түрде қондыру қажет болса, бұл мүмкін болмайды. Сондықтан ұшақтың ұшу бағыты бойынша маршрут апаттық қонуға үшін аэродромдары көп болатындай жасалады. Оның үстіне, мысалы, Америкадан Азияға Тынық мұхиты арқылы өтетін жол тек жалпақ картада ғана қысқа болып көрінеді. Алайда, біздің планетамыз шар тәрізді, сондықтан Тынық мұхиты арқылы тікелей ұшу өте ұзақ және қауіпті болып табылады. Іс жүзінде «қисық» маршруттар әлдеқайда қысқа болады. Оларға аз уақыт жұмсалады, сондықтан жанармай үнемдейді және жолаушыларға арзанға түседі. 

Енді Лемурия деп аталатын материкке тоқталайық. Айта кетерлік жайт, онда ешкім болып көрмеген, оның бар екендігіне құжаттық дәлелдер жоқ.

Бір кездері мұндай құрлықтың болғаны туралы гипотезаны 1864 жылы зоолог Филип Склейтер алға тартқан. Оның пікірінше, Лемурия қазіргі конспирологтар айтып жүргендей Тынық мұхитында емес, Үнді мұхитында, Мадагаскар мен Үндістан арасында болған.  Осылайша ол лемурлардың Африкада, Үндістанда, Мадагаскарда және Үнді мұхитындағы басқа аралдарда мекендейтін жерлерін түсіндіруге тырысты.

Склейтердің пайымдауынша, Лемурия материгі бір кездері осы географиялық нүктелер арасындағы байланыс арнасы болған, бірақ су басып, осы күнге дейін жетпеген.

Кейіннен, 1912 жылы тектоникалық плиталардың қозғалысы нәтижесінде бөлініп, қазіргі континенттер қалыптасуына әкелген ежелгі материк Пангея туралы ғылыми дәлелденген теория пайда болды. Ғалымдар Лемурия мен Атлантида сияқты су астында қалған жерлер туралы болжамдардан бас тартты.

Соған қарамастан, Лемурия оккультистер мен қастандық теорияларын жақтаушылардың санасында қала берді. Мысалы, 1888 жылы сол кездегі әйгілі мистификаторлардың бірі Елена Блаватская өзінің кітабында Лемурияда приматтар тұрған, олар гермафродит болған және жұмыртқа салған деп жазды. 

Қазіргі конспирологтар олардан асып түсті. Олардың айтуынша, Лемурия тұрғындарының бойы 6-дан 18 метрге дейін және олар динозаврларды жеңе алатындай мықты боғлан. 

Мұның бәрі ойдан шығарылғаны анық, Лемурияның да, оның керемет тұрғындарының да бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

Қорыта айтқанда, ұшақтар қауіпсіздік пен үнемдеу мақсатында ғана Тынық мұхитының үстінен ұшпайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған Лемурияның бар екені туралы гипотеза расталмады. Оның үстіне, оны жақтаушылар Лемурия Тынық мұхитында емес, Үнді мұхитында орналасқан деп сенді. Мұндай материк болған және онда адамдар тұрған деп айтуға негіз жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button