Фейк: «Денсаулық сақтау денсаулықты нығайту шараларымен айналыспайды»
Telegram арналарында асқазан-ішек жолдары (АІЖ) микробиомасы мен иммундық жүйенің өзара әрекеттесуі туралы зерттеу талқылануда. Зерттеуде жаттығулардың, қант пен D және омега-3 дәрумендерін тұтынудың вирустармен күресудегі маңыздылығы көрсетілген.
Арнада пікір білдірушілер «жаһандық денсаулық сақтау» халыққа физикалық белсенділікпен айналысуға кеңес бермесе, тұтынылатын қант мөлшерін азайтпаса және дәрумендер қабылдауға итермелемесе, онда ол «жаппай өлтірумен» айналысады деп шешті. Бұл дұрыс емес.
Зерттеу 2021 жылғы ақпан айында Frontiers. Frontiers Media сайтында жарияланған. Бұл – рецензияланған ғылыми журналдар шығаратын компания.
«Вирустық инфекциялар, микробиомалар және пробиотиктер» жұмысын Ұлыбритания, Финляндия, АҚШ, Франция, Испания, Канада және Үндістанның бірнеше медициналық және ғылыми ұйымдары орындаған. Бұл зерттеу әртүрлі аурулар кезіндегі асқазан-ішек жолдары микробиомасы мен иммундық жүйенің өзара әрекеттесуін зерттеуге арналған.
Жұмыс нәтижелері микробиоманың вирусқа қарсы иммунитетті күшейтуде маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Себебі аАсқазан-ішек жолдары құрамында гликопротеин-муциндер бар шырышты қабатпен жабылған. Муциндер – патогендер (зиянды микроорганизмдер) мен адам жасушалары арасындағы тосқауыл. Сонымен қатар, олардың бірқатар вирусқа қарсы қасиеттері бар.
Асқазан-ішек жолдары микробиомасына пробиотиктер – құрамында пайдалы бактериялар бар препараттар да оң әсерін тигізеді. Олар қабынуға қарсы иммуноглобулиндер мен табиғи өлтіруші жасушалардың өндірісін күшейтеді.
Алайда пробиотиктерді шамадан тыс қолдану денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, ішек флорасының қалыптасуын бұзады.
Сонымен қатар зерттеуде жаттығулардың пайдасы туралы да, тұтынылатын қант мөлшерін азайту немесе D және омега-3 дәрумендерін қабылдау туралы да айтылмаған. Бұл факторлардың иммунитетті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Алайда, жұмыста иммунитеттің, асқазан-ішек жолдарының микробиомасы мен пробиотиктердің байланысын зерттелген. Сондықтан жоғарыда аталған факторлар зерттеу нәтижелеріне әсер етпеген.
Демек, «жаһандық денсаулық сақтау» денсаулықты нығайту шараларымен айналыспайды деген пікір қате. Жаттығу жасауға, қанттан бас тартуға және дәрумендер қабылдауға мәжбүрлеу адам құқықтарына қайшы келеді. Оларды әр адам өз еркімен орындайды. Оның үстіне, спорт, дұрыс тамақтану және дәрумендердің пайдасы туралы ақпарат баршаға белгілі және ғылыми дәлелденген.