Медициналық фейктер

Фейк: «Тұмауға қарсы жаңа дәрі адамдарды өтірікке сенуге итермелейді»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар фармацевтикалық компаниялар құс тұмауының жаңа штаммына қарсы дәрі жасап жатқаны туралы хабарлады. Препараттың жанама әсерлерінің бірі галлюцинация, шатасу және жалған әңгімелерге сену болып табылады. Бұл рас па? Анықтайық.


АҚШ-та ғалымдар сүтқоректілерге берілетін және оларды өздерін әдеттен тыс ұстануға итермелейтін құс тұмауының жаңа түрін зерттеп жатыр, делінген хабарламада. Бұл рас. АҚШ-та сүтқоректілердің, оның ішінде, түлкілердің құс тұмауын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл ретте жануарларда тремор сияқты неврологиялық белгілер, құрысулар, тепе-теңдіктің бұзылуы және адамдардан қорықпау байқалды. Дегенмен, ғалымдардың пікірінше, вирустың адамға жұғу қаупі төмен. Бүгінгі күні ауруды жұқтырған екі адам тіркелді. Ол екеуінің де жұмысы құстармен тығыз байланысты болған.
Постта «Рапиваб» деп аталатын «Премавир» препараты туралы айтылады. Хабарлама авторының айтуынша, оны енді ғана әзірлей бастаған, бірақ жалған мәлімдемелер мен галлюцинацияларға сену сияқты жанама әсерлері бар екені белгілі. Бұл өтірік.
Шындығында, «Премавир» 2014 жылы тұмауды емдеу үшін ресми түрде мақұлданды. Демек, ол бұған дейін әзірленген.
Дәрі-дәрмектің ресми сайтында жанама әсерлердің тізімі бар. Оларға диарея, қандағы глюкоза мен креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы жатады. «Премавирмен» емделген ауыр науқастар тобында ең көп таралған жағымсыз реакциялар іш қату, ұйқысыздық және артериялық гипертензия болды. Пациенттерде ешқандай галлюцинация немесе жалған мәлімдемелерге негізсіз сену белгілері байқалмады.
Сонымен қатар, «Премавир» – бұл 15 немесе 30 минут ішінде тамшылатып бір рет енгізілетін көктамырішілік дәрі. Уақыт өте келе препараттың әсері тоқтайды, яғни ол әдеттен тыс мінез-құлық тудырса, онда ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін кенеттен тоқтайтын еді. Дәрі-дәрмек белсенді қолданылған тоғыз жылдың ішінде пациенттер арасында сенімнің күрт әрі жиі өзгеруі тіркелмегендіктен, «Премавир» адамдарды жоқ нәрсеге сенуге итермелемейді деп сеніммен айтуға болады.
Демек, таратылған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button